Контентке өту

Жамбыл облысында ұзындығы 9,2 км магистральдық каналда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жамбыл облысында ұзындығы 9,2 км магистральдық каналда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жұмыстар биыл қаңтар айында басталып, бүгінде 2,5 шақырым учаске реконструкцияланды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жоба аясында каналды бетондау, су шығару тетіктерін, бөгейтін құрылысжайлар мен нөсерлетіп су ағызу жүйелерін орнату, сондай-ақ гидробекет салу қарастырылған.

«Исмаил» каналы арқылы Аса өзенінен Жамбыл ауданының суармалы жерлеріне су жеткізіледі. Нысанның су өткізу қуаты - секундына 6 текше метр. Каналды реконструкциялау 1454 гектар жерге судың жеткізілуін жақсартып, су шығынын азайтуға мүмкіндік беред.

«Нысанда 35 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Суару кезеңінде де нысанда жұмыстар жалғасады. Диқандарды сумен қамтамасыз ету үшін уақытша канал салынып жатыр», – деді мердігер ұйымның өкілі Ерлан Оразбаев.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты