Контентке өту

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде атыс болып, қарауыл басшысы мерт болды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде атыс болып, қарауыл басшысы мерт болды
ашық дерек

Әлеуметтік желілерде 15 наурыз күні Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде орын алған қайғылы жағдай туралы ақпарат тарады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қарауыл қызметін атқару кезінде қарауыл бастығына оқ тиіп, ол алған жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Желіде жарияланған деректерге қарағанда, оқиға қарауылдың үшінші бекетінде болған. Ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері – атқыш қарумен қызмет атқару барысында карабиннен абайсызда оқ атқан. Атылған оқ қарауыл басшысына тиіп, ол ауыр жарақат алған.

Зардап шеккен әскери қызметкер дереу Жамбыл облысындағы Гвардейский кентінде орналасқан әскери госпитальға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға бар күшін салғанымен, алған жарақатының ауырлығына байланысты оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Аталған оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысында барлық қажетті сараптамалар жүргізіліп, болған жағдайдың себебі жан-жақты зерттелмек.

Айта кетейік, бұған дейін де елімізде әскери жаттығулар мен полигондарда қарумен байланысты қайғылы оқиғалар тіркелген болатын. Мәселен, жуырда Атырау облысындағы полигонда да сарбаз оқ тиіп көз жұмғаны хабарланған еді.

Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға қатысты толық ақпарат кейінірек жариялануы мүмкін.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты