Контентке өту

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ
ашық дерек

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өңір басшысы Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Аймақ басшысы референдум – ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси науқан екенін атап өтті. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, қоғамдағы демократиялық үдерістерді нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ ол тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, елдің болашағына бейжай қарамай, референдумға қатысуға шақырды.

Айта кетейік, бүгін еліміз бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Жамбыл облысында дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелген учаскелерде дауыс беруге мүмкіндік алады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты