Артынша осы жөнінде комитет төрағасы Мұрат Теміржанов желідегі жұртқа жауап қатып, аталған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Саясат
«Қазақ жері Қытай сайттарында саудаланып жатыр»: Жер комитеті желідегі ақпаратқа жауап қатты
- author BAQ-Orda
- 22 мамыр, 2023
- 512
Бұған дейін әлемжеліде «ауылшаруашылығына арналған жер Қытай сайттарында саудаланып жатыр» деген ақпарат тараған еді. Желі белсендісі Ерлан Мазан Қытайдың жер жалдау сайттарында осы ақпаратты көзі шалып қалғанын жазған.
«Ойда жоқта Қытайдағы Жер жалдау сайтына тап болып, таң қалдым. Әлгі Жер кодексі арқылы шетелдіктерге жалға берілмейтін болып шешілген ауылшаруашылық мақсатындағы қазақтың жері сол жерде арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр. Бұл енді барып тұрған бассыздық қой!», — деп ашуға булыққан еді желі белсендісі.
Аталған жайт жұрттың назарына ілігіп, қазақтілді ортада қызу талқыға түсті. «Бұл сайтқа жарнаманы кім салды?» деген сауал кешелі бері әлемжелідегі қауымға маза бермей келген-ді. Dalanews.kz ақпараттың анық-қанығын анықтау мақсатында Ауыл шаруашылығың Жер комитетіне сауал жолдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барады
- авторBAQ-Orda
- 17 шілде, 2023