БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Әділет Тойбаев Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болды

Әділет Тойбаев Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болды
caption
Әділет Тойбаев Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болды
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы БақОрда Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған. 2009-2011 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жетекші әдіскер, әдістемелік бөлім бастығы, оқу жұмысы департаментінің директоры. 2011-2017 жылдары – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқу-әдістемелік басқарманың бастығы, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, оқу ісі жөніндегі проректор. 2017-2018 жылдары — Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры. 2018-2022 жылдары ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарды. 2022 жылы – ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы. 2022 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар