БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда алып бала дүниеге келді

Таразда алып бала дүниеге келді
caption
Таразда алып бала дүниеге келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің форумында сөйлеген сөзінде: «Сапалы медициналық қызмет азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, бәріне бірдей қолжетімді болуы керек», – деп атап көрсетті. Бұл бағытта Тараз қаласында атқарылып жатқан шаруалар аз емес.

Сөзімізді жағымды жаңалықтан бастасақ, 19 сәуір күні, сағат 10:46-да салмағы 5000 грамм және бойы 62 см болатын қыз бала дүниеге келді. Мұндай нәрестелер «алып балалар» қатарына жатады. Алыпты туған ана 29 жасар қала тұрғыны.
Облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығына қала тұрғыны толғағы қысып жүгінген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін шарана анасының құрсағында басымен емес, көлденең жатқаны анықталған. Сондай-ақ нәрестенің салмағы әдеттегіден үлкен екені көрінген.
Ана мен бала өміріне қауіп төндірмеу үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде 5 келі және бойы 62 см қыз бала дүниеге келген.
Жалпы жыл басынан бері перинаталдық орталықта 2135 бала дүниеге келсе, оның ішінде 5 келіден жоғары салмақпен туғандар саны – 13. Бұл соңғы кездері нәрестелердің ірі денелі болып туып жатқанын айғақтап тұрғандай.
Реті келгенде айта кетсек, 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Жамбыл облысына бөлінген квота толық игерілген.

Жұматай Көксубайұлы

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ботулизмнің алдын ал!
Алдыңғы мақала
Ботулизмнің алдын ал!

Ұқсас жаңалықтар