Шылым шегу туралы шындық
Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Темекісіз Қазақстан» ұлттық коалициясы мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастыруымен (ҚДСҰО) «Шылым шегу туралы шындық» интерактивті көрме өткізді. Экспозиция темекі өнімдерінің, соның ішінде темекі индустриясының түрлі өнімдерінің зиянын көрсетті.
– Дәл осындай көрме Қазақстанның 10 қаласында өтеді. Темекі мен кальян адам денсаулығына зиян. Кальянды «жұқпа ауруларының бомбасы» деп атаса да болады. Оның себебі бұл құралды ешқашан тазалап жууға болмайды. Сондықтан түрлі жұқпалы ауруларды осы кальяннан жұқтыруға болады. Біз көрмеге темекінің зиянын білдіретін түрлі құралдармен қатар жануарлардың өкпесін алып келдік. Бірі қарайып, сау тамтығы қалмаған өкпе, ол шылым шегетін адамның өкпесі. Ал екінші қызыл түсті өкпе сау адамдікі. Міне осы екі өкпеге қарап ақ никотиннің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білуге болады – дейді «Темекісіз Қазақстан» ұлттық коалициясының қоғамдық мониторинг үйлестірушісі Наталья Чанова. Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Келесі мақала