Байзақта шыңдалған шыны шығаратын зауыт ашылды
Өндіріс орнын жергілікті кәсіпкерлер жеке қаражаты есебінен салған
Байзақ ауданында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды baq-orda.kz
Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңіріміздің инвестициялық әлеуеті артып келе жатқанын айтып, жиылғандарды жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.
Бұдан кейін аймақ басшысы нысанды аралап, өндіріс барысымен танысты.
Заманауи технологиялармен жабдықталған «JS GLASS» шыны шыңдайтын өндіріс орны 40 адамды жұмыспен қамтиды. Жалпы құны 470 миллион теңге болатын зауыттың жылдық құрылыс материалдарын өндіру қуаттылығы 100 000 шаршы метрді құрайды.