БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ҚМДБ: Қайтыс болған адамды цифрлық түрде “тірілтуге” шариғат рұқсат бермейді

ҚМДБ: Қайтыс болған адамды цифрлық түрде “тірілтуге” шариғат рұқсат бермейді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы заманауи технологиялардың, соның ішінде deepfake құралдарының қолданылуына қатысты арнайы пәтуа жариялады.

Діни басқарманың түсіндіруінше, ислам діні ғылым мен техниканың дамуына қарсы емес. Алайда кез келген жаңалық пен технология адамзатқа пайда әкеліп, әділдік пен адамгершілік қағидаттарына сай әрі шариғат талаптары шеңберінде қолданылуы тиіс.

Пәтуада deepfake технологиясының көбіне зиянды мақсатта пайдаланылатыны атап өтілген. Мұндай тәсіл арқылы адамдарды қорқыту, абыройына нұқсан келтіру немесе өміріне қауіп төндіру жағдайлары кездеседі. Ал исламда адам өмірінің қауіпсіздігі ең басты құндылықтардың бірі саналады. Тіпті әзіл ретінде қорқытуға да қатаң тыйым салынғаны ескертіледі.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар