Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 11:23
- 16
Полиция мәліметінше, күдікті марқұмның танысы болған және қала маңынан қолға түскен. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. 21 жастағы қыздың денесі пышақ жарақаттарымен табылған. Осыған байланысты «кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу басталып, күдіктіге іздеу жарияланған еді.
Сонымен қатар марқұм тұрған аумақтың тұрғындары екі жастың соңғы күндері жиі жанжалдасқанын айтқан.
«Екеуі екі-үш күн қатарынан ұрысып жүрген. Соңы осындай қайғылы жағдайға ұласты», – дейді көршілер.
Әлеуметтік желілерде тараған бейресми ақпаратқа сәйкес, күдікті жігіт бойжеткенге үйленуді ұсынған, алайда қыз келісімін бермеген деген болжам айтылады. Алайда бұл дерек ресми түрде расталған жоқ.
Марқұмның жақындары әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.




