БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды
ашық дерек
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында вице-президент институтын құру және оны Конституцияда ресми түрде бекіту туралы ұсыныс айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бастама мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығын арттырып, билік сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Президент вице-президентті Парламенттің келісімімен өзі тағайындайтынын атап өтті. Сонымен қатар аталған лауазым иесінің өкілеттіктерін Мемлекет басшысы айқындайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгеріс мемлекеттік институттардың тиімділігін күшейтіп, саяси жүйенің заманауи талаптарға сай дамуына мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ұлттық құрылтай отырысында елдің саяси құрылымын жетілдіру, басқару тетіктерін жаңғырту және мемлекеттік билік тармақтарының өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар