Жаңалықтар

Ақтауда теңіз жағасынан әйел адамның мәйіті табылды

Ақтау қаласында теңіз жағалауынан әйел адамның денесі табылды. Қайғылы оқиға 4-ықшам аудан аумағында, жар маңында орын алған.

Алғашқы ақпарат бойынша, оқиға туралы хабар төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне 29 қаңтар күні сағат 18:10-да түскен.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері барып, әйел адамның мәйітін судан алып шыққан.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына жауап ретінде бұл жағдайдың алдын ала суицид ретінде қарастырылып отырғанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.