Жаңалықтар

Конституция жобасында алғаш рет «Миранда ережесі» енгізіледі

Қазақстан Конституциясының жаңа жобасында азаматтардың құқықтарына кепілдіктерді күшейтуге бағытталған маңызды нормалар қарастырылған.

Олардың ішінде кінәсіздік презумпциясын сақтау, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін заңдарға шектеу қою, сондай-ақ бір құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартуға тыйым салу бар.

Сонымен бірге Конституция деңгейінде алғаш рет «Миранда ережесі» бекітіледі.