Білім мен өндіріс үндестігі: Жамбылда колледж бен кәсіпорын серіктестігі нығайды
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 09:20
- 410
Аталған құжат білім беру мекемесі мен өндірістік кәсіпорын арасындағы өзара байланысты дамытуға, сондай-ақ кадр даярлау жұмыстарын бірлесе ұйымдастыруға бағытталған. Келісімге сәйкес, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасалып, оқу бағдарламалары нақты өндірістік талаптармен үйлестіріледі. Бұл білім алушылардың теориялық білімін тәжірибеде бекітіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Колледж директоры Дәурен Түменбаевтің айтуынша, мұндай серіктестік студенттердің практикалық білім алуына кең жол ашады. Олар кәсіпорын қызметімен жақын танысып, болашақ мамандығына қажетті тәжірибе жинақтай алады. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын өндіріс талаптарына бейімдеу түлектердің еңбек нарығына тезірек бейімделуіне ықпал етеді.
Айта кету керек, «Shengtai Biotech Co., Ltd» компаниясының құрылтайшысы – «Seres Biotech B.V». Бұл ұйым Қытайдың азық-түлік және химия саласында танымал «Fufeng Group» құрамына кіретін еншілес кәсіпорын болып саналады. Компания биотехнология саласында өндірістік әлеуетімен және заманауи технологияларды қолдану тәжірибесімен ерекшеленеді.
Колледж бен кәсіпорын арасындағы әріптестік болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, дуальды оқыту жүйесін дамытуға және оқу бағдарламаларын өндіріс ерекшеліктеріне сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл бастама өңірде білікті кадрлар даярлау ісін жүйелі түрде дамытуға оң әсер етпек.




