Контентке өту

Алматыдағы жатақханада студент қызды тұншықтырып, басын қабырғаға соққан: оқиға желіде тарады

Алматыдағы жатақханада студент қызды тұншықтырып, басын қабырғаға соққан: оқиға желіде тарады
Ашық дерек

Threads әлеуметтік желісінде Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасында студент қыздың аяусыз соққыға жығылғаны туралы жазба жарияланды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
 

Жазба авторының айтуынша, оқиға кезінде ол небәрі 17 жаста болған. Оның сөзінше, Алматыға білім алу үшін келгенімен, “қауіпсіз студенттік өмірдің” орнына ауруханаға түскен.

Қыздың мәлімдеуінше, жанжал екінші курс студенттерімен туындаған. Айтуынша, бұған жатақханадағы тазалықты сақтауды сұрауы себеп болған.

“Мені тұншықтырды. Басымды қабырғаға және темір кереуетке соқты. Шашымнан сүйреді. Күшпен ұстап, шығуға мүмкіндік бермеді. Әлсіреп, жағдайымның нашарлап бара жатқанын сездім”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ бойжеткен оқиға кезінде айналасында басқа адамдар болғанын, бірақ ешкім араша түспегенін айтты. Оның сөзінше, кейбірі жанжалды видеоға түсірсе, енді бірі есікті жауып тұрған.

Оқиғадан кейін кәмелетке толмаған қыз ауруханаға жеткізілген. Ол дәрігерлер ми шайқалуы, түрлі дене жарақаттары, гематома мен қан кету белгілерін анықтағанын мәлімдеді.

“Бұл жай жанжал емес. Бұл – зорлық”, – деп жазды жәбірленуші. Сонымен қатар ол медициналық құжаттарды, жарақат фотоларын және тексеру нәтижелерін көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Қыздың айтуынша, оқиғаға қатысқан студенттер тиісті жаза алмаған. Ал видео барысында ол мұны күдіктілердің бірінің анасы прокурор қызметінде болуымен байланыстырған.

Жазба жарияланғаннан кейін ресми пікірді Кунаев университеті таратты.

Университет мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 17 желтоқсанында “Студенттер үйі” жатақханасында болған. ЖОО хабарлауынша, студенттер арасындағы жанжал “тазалық пен тәртіп ережелерін сақтамау” мәселесінен басталып, кейін төбелеске ұласқан. Университет төбелеске қатысушылардың бірінің сол кезде кәмелетке толмағанын растады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты