Контентке өту

«Анаға тағзым» орталығына жаңа басшы тағайындалды

«Анаға тағзым» орталығына жаңа басшы тағайындалды
ашық дерек

Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы – «Анаға тағзым» мекемесінің басшысы болып Сүгірбай Дамира Маратқызы тағайындалды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Дамира Маратқызы 1978 жылы Жамбыл облысы, Қаракемер ауылы ауылында дүниеге келген.

1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Жамбыл политехникалық колледжінде оқытушы болып бастаған. Әр жылдары білім беру және қоғамдық-саяси салаларда түрлі жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда, 1999–2006 жылдары Жамбыл политехникалық колледжінде, 2006–2007 жылдары Қордай ауылшаруашылық колледжінде оқытушы болды. 2007–2016 жылдары «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры қызметін атқарды.

2016–2021 жылдары Amanat партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде еңбек етті. Ал 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Жаңа қызметке тағайындалған Дамира Маратқызының өңірдегі отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балаларды қолдау бағытындағы жұмыстарға тың серпін беретініне сенім мол.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты