Контентке өту

Ақтөбеде медбике 40 адамға жалған анықтама жасаған: мөрлер мен құжаттар тәркіленді

Ақтөбеде медбике 40 адамға жалған анықтама жасаған: мөрлер мен құжаттар тәркіленді
ашық дерек

Ақтөбе қаласында жалған медициналық анықтамалар жасаумен айналысқан медбике ұсталды. Құзырлы органдардың мәліметінше, күдікті өз танысымен алдын ала сөз байласып, заңсыз әрекетті жүйелі түрде жүргізген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Тергеу барысында медбике №075 және №086 нысандарындағы медициналық анықтамаларды, сондай-ақ санитарлық кітапшаларды қолдан жасап, оларды 5 000–10 000 теңге аралығында сатқан. Алдын ала деректерге сәйкес, жалған құжаттарды кемінде 40 адам пайдаланған.

Күдіктінің жұмыс кабинетінде жүргізілген тінту кезінде бірнеше жалған мөр тәркіленді. Олардың қатарында «Дерматолог», «Лаборатория», «Жарамады/Годен», «Реакция микропреципитации экспресс әдісімен» және «Анықтамалар үшін» деген жазулары бар мөрлер болған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары жалған медициналық құжаттарды пайдаланған тұлғалардың да әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты