Контентке өту

Атырауда қаза тапқан отбасыға ауыл тұрғындары асарлатып зират тұрғызды

Атырауда қаза тапқан отбасыға ауыл тұрғындары асарлатып зират тұрғызды
ашық дерек

Атырау облысының Жангелдин ауданына қарасты ауыл тұрғындары қаскөй қолынан қаза болған бір отбасының мүшелеріне арнап мәңгілік мекенінтұрғызып берді., деп хабарлайды baq-orda.kz.

Марқұмдардың рухына құран бағыштау рәсіміне арнайы барған Жанат Молдашова ауылдағы жағдайға қатысты жазба жариялаған.

Журналистің мәліметінше, ауыл халқы мен марқұмдардың туған-туыстары бірігіп, асар дәстүрімен зират тұрғызған. Атап айтқанда, Мақсот Мұқанғалиев, оның жары Нәсіп Өтешқалиева және балалары Наурыз бен Мейрамгүлдің қабірлері көтеріліп, олардың рухына құран бағышталған.

Ауыл тұрғындары бұл іске жұмыла кірісіп, қайғы жамылған отбасының артында қалған жақындарына қолдау білдірген. Жерлестерінің айтуынша, мұндай қиын сәтте бірлік таныту – адамгершіліктің белгісі.

Қайғылы жағдай ауыл тұрғындарын қатты алаңдатып, ел ішінде үлкен қайғыға айналған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты