Бүгін, 6 сәуірде Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Құрлық біріншілігінде алғаш болып грек-рим күресінің балуандары белдесті.
87 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Отандасымыз ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Сынхванды сенімді түрде жеңді. Белдесу 7:1 есебімен аяқталды.