Контентке өту

Президент дәрігерлерді әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілгенін айтты

Президент дәрігерлерді әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілгенін айтты
ашық дерек

Ақордада өткен Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Президенттің айтуынша, мемлекет дәрігерлердің құқықтарын қорғаумен қатар, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді.

«Соңғы үш жылда медицина мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі жеті есе ұлғайды. Дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа бюджеттен 33 миллиард теңге бөлінді», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ахуалдың тұрақтана бастағанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент ауылдық жерлерде еңбек ететін медицина қызметкерлеріне ерекше қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, шалғай елді мекендерге барған дәрігерлерге бір реттік көтерме төлемдер қарастырылған.

Өткен жылы осындай қолдау шаралары аясында 530 медицина маманына жалпы көлемі 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Мемлекет басшысы дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мен олардың кәсіби әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты