Контентке өту

Президент: «Жаңа Конституцияда денсаулық сақтау саласына ерекше мән берілді»

Президент: «Жаңа Конституцияда денсаулық сақтау саласына ерекше мән берілді»
ашық дерек

Ақордада өткен Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласының маңызына тоқталып, жаңа Конституцияда ұлт саулығына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылғанын айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Президенттің сөзінше, Ата заңда денсаулық сақтау саласын дамытуға ғана емес, азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды бағыттарға да басымдық берілген.

«Мемлекетіміздің мызғымас тірегі – жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді. Біз ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Конституцияда қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану қағидаттарының нақты көрініс тапқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл өзгерістер адамның өмірі мен денсаулығын сақтау тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін көрсетеді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты