Контентке өту

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін ұлттық құрама тоғызыншы сатыда тұрған еді. Соңғы жаңартылған тізімде Қазақстан жетінші орынға көтеріліп, үздік бестікке біртабан жақындай түсті.

Бұл оң өзгеріс Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Канада құрамасын жеңудің нәтижесінде мүмкін болды. Астанада өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Осы жеңіс қазақстандық теннисшілерге 2026 жылдың күзінде Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

Италия - әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Екінші орынды Ұлыбритания сақтап қалса, үздік үштікті Украина түйіндеді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты