Қазақстан құрамасы садақ атудан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова финалда Үндістан командасын жеңді. Кездесу 229:227 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасын алда командалық сайыстарда тағы екі финал күтіп тұр. Ерлер және әйелдер құрамасы классикалық садақ атудан алтын медаль үшін сынға түседі.