Контентке өту

Қазақстандық параспортшы Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанып, ел тарихында маңызды жетістікке қол жеткізді

Қазақстандық параспортшы Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанып, ел тарихында маңызды жетістікке қол жеткізді

Ол 2026 жылы Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлоннан 4,5 шақырымдық қуу жарысында алтын медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже Қазақстан үшін ерекше маңызға ие, себебі бұл – ел тарихындағы парабиатлондағы алғашқы алтын жүлде, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Аталған жарыста қазақстандық спортшы барлық қарсыластарынан озып, мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды Украина өкілі Тарас Рад иеленсе, үшінші орынды Қытай спортшысы Лю Цзысюй алды.

Айта кетейік, Ербол Хамитов бұл Паралимпиадада тек алтынмен шектелмей, бұған дейін парашаңғы жарысында да қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ол бір ойын аясында екі жүлде иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына маңызды ұпайлар қосты.

Жалпы, бұл алтын медаль Қазақстан үшін тарихи көрсеткіштердің бірі саналады. Ол қысқы Паралимпиада ойындарындағы елдің жалпы жүлделер санын арттырып, ұлттық құраманың жетістігін жаңа деңгейге көтерді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты