Контентке өту

Қазақстандық садақшылар Азия кубогында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық садақшылар Азия кубогында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы садақ атудан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия кубогының бірінші кезеңінде тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап. 

Ерлер құрамасы классикалық садақ атудан жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов финалда Үндістан командасын 5:4 есебімен жеңді.

Осы бағдарламада әйелдер құрамасы да жарысты бірінші орынмен аяқтады. Шешуші кездесуде Александра Землянова, Самира Жұмағұлова және Диана Тұрсынбек Қытай құрамасынан басым түсті (6:2).

Сонымен қатар блоктық садақ атудан аралас командалық сайыста Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов Сингапур спортшыларын 152:151 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін блоктық садақ атудан командалық сайыста Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова алтын медаль жеңіп алған еді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты