Танымал қазақстандық әншілер Райм мен Ерке Есмахан тағы да желі талқысына түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Оқиға концерт барысында болған. Сахнада өнер көрсетіп жатқан сәтте Ерке Есмахан жұбайы Раймның туған күнімен құттықтап, көпшілік алдында бетінен сүйген.
Алайда бұл әрекет көрермендердің барлығына бірдей ұнай қоймаған. Әлеуметтік желі қолданушылары сахнадағы мұндай қылықты сынға алып, түрлі пікірлер қалдырды:
«Сахнада жабысатын не әдет?»,
«Басқа жерде сүйсеңші»,
«Сахна мәдениеті қайда?»
деген сынды пікірлер жиі жазылған.
Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары керісінше, бұл сәтті ерлі-зайыптылар арасындағы шынайы сезімнің көрінісі деп қабылдап, қолдау білдірген.
Қазіргі таңда бұл жағдай қоғамда екі түрлі пікір туғызып отыр: бірі сахна әдебін алға тартса, енді бірі өнер иелерінің жеке өміріне түсіністікпен қарау керектігін айтады.