Ведомствоның хабарлауынша, аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу кезінде полиция қызметкерлерінің уақтылы шара қолданбауы мүмкін деген пікірлерге байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.
Сонымен қатар, ең тәжірибелі қызметкерлерден құралған арнайы жедел-тергеу тобы жасақталды. Күдіктінің әрекетіне заң аясында толық құқықтық баға берілетіні атап өтілді.
ІІМ мәліметінше, іске қатысты барлық материалдар, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар жан-жақты тексеріліп, мұқият талданып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетін болады.