Контентке өту

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі артып келеді

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі артып келеді

Жамбыл облысының соттарында дауларды бейбіт жолмен шешуге бағытталған татуластыру рәсімдерін қолдану жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл тәсіл азаматтар арасындағы дауларды сотқа дейін немесе сот процесі барысында өзара келісім арқылы шешуге мүмкіндік беріп, сот төрелігінің сапасын арттыруға ықпал етуде, деп хабарлайды baq-orda.kz.

2026 жылдың алғашқы алты айында облыс соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы 3 861 іс қаралған. Бұл барлық қаралған істердің 42,9 пайызын құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 3 501 іс немесе 49 пайыз болған.

Татуластыру рәсімдерінің негізгі мақсаты – тараптардың мүдделерін ескере отырып, дауды ұзақ сот талқылауынсыз шешу. Мұндай рәсімдер азаматтарға уақыт пен қаржыны үнемдеуге, ал сот жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында татуластырушы судьялардың қызметіне тұрақты түрде талдау жүргізіліп келеді.

Есепті кезеңде татуласу көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге Байзақ және Шу аудандық соттары, экономикалық сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қол жеткізген. Сонымен қатар, Сарысу, Меркі және Мойынқұм аудандық соттарында бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттілігі байқалады.

Жалпы, Жамбыл облысының соттарында татуластыру рәсімдерін дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Судьялар тараптарды келісімге келтіру, дауларды бейбіт жолмен шешу және сот актілерінің сапасын арттыру бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты