Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды baq-orda.kz ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші ширек финалда америкалық Джессика Пегуламен кездесті.
Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сет Пегуланың пайдасына аяқталды. Ал кейінгі екі сетте Рыбакина басым түсіп, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп - 2:6, 6:3, 6:4.
Жартылай финалда Елена Рыбакина Арина Соболенко (Беларусь) мен Хэйли Баптист (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.