Ресми сапар аясында мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму перспективасын талқылайды. Кездесу барысында екіжақты саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне баса назар аударылады.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, бірқатар құжаттарға қол қоюы мүмкін. Ресми келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасау жоспарланған.