Google істен шықты
Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:12-де Google-дің іздеу жүйесі істен шықты.
Downdetector.com. онлайн бақылау сайтының мәліметі бойынша дүние жүзінде 40 мың адам осыған байланысты шағым түсірген. Мәлім болғандай, АҚШ, Австралия, Оңтүстік Африка, Кения, Израиль, Оңтүстік Америка, Еуропа мен Азия елдеріндегі тұтынушылар іздеу серверін сол мезетте қолдана алмай қалған. Сондай-ақ Google-ге қарасты джимайл мен гугл мапстың жұмысы бәсеңдеді. Әзірге компания бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Дереккөз: "Хабар 24" телеарнасынан
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында өнеркәсіп саласы: инвестициялар мен жаңа өндірістер
- авторBAQ-Orda
- 30 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Жамбыл облысында елді мекендерді газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асуда
- авторBAQ-Orda
- 30 желтоқсан, 2025




