Контентке өту

«Ол менің жүрегімнің бір бөлігі еді»: Эльмира Төлегенова қара жамылды

«Ол менің жүрегімнің бір бөлігі еді»: Эльмира Төлегенова қара жамылды
ашық дерек

Блогер Эльмира Төлегенова өміріндегі ауыр қаза туралы айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Эльмираның айтуынша, әжесі оның өмірінде ерекше орын алған. Ол марқұмды балалық шағының, отбасының және жүрегінің бір бөлігіне балаған.

«Ол менің өмірімнің, балалық шағымның, отбасымның және жүрегімнің бір бөлігі еді. Оның енді жанымда жоқ екенін түсіну өте қиын. Маған өмір бойы сыйлаған жылуы, махаббаты мен қамқорлығы үшін алғыс айтамын. Енді барлық естеліктер менімен мәңгі қалады», – деп жазды блогер.

Эльмира әжесінің рухына дұға бағыштап, дұғада еске алуды сұрады.

Блогердің мәлімдеуінше, әжесінің қырқын беру рәсімі 31 қазан күні Есіл қаласында өтеді. Қалған нақты ақпаратты кейінірек жариялайтынын айтты.

Сондай-ақ Эльмира бұл ақпаратты әжесінің құрбылары мен таныстары да көріп, көңіл айтуға мүмкіндік алсын деген ниетпен бөліскенін жеткізді.

Айта кетейік, Эльмира Төлегенова үшін бұл кезең оңай болып тұрған жоқ. Бұған дейін блогердің жеке өміріне қатысты жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Енді ол отбасындағы ауыр қазаны бөлісті.

Блогер қазіргі уақытта өзіне уақыт қажет екенін айтып, оқырмандарынан түсіністік пен қолдау сұрады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты