БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Білім саласындағы бақылау және бағалау» тақырыбындағы білім саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесі

«Білім саласындағы бақылау және бағалау» тақырыбындағы  білім саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесі
caption
«Білім саласындағы бақылау және бағалау» тақырыбындағы білім саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесі
Биылғы жылы  білім саласы қызметкерлерінің  дәстүрлі  Тамыз кеңесі 24-25 тамыз күндері «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмалары аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағытта («бір өңір – бір бағыт»)  ұйымдастырылып өтті. Жамбыл облысында «Білім саласындағы бақылау және бағалау»  тақырыбымен панельдік секция отырыстары өтті. Секция отырыстарына еліміздің әр аймағынан 150-ге жуық білім саласының қызметкерлері(өңірлердегі  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары, білім басқармаларының қызметкерлері, мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері) қатысты. Тараз қаласындағы Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының базасында өткен панельдік секция отырыстары 5 бағыт бойынша өткізілді. Атап айтсақ:
  • «Білім саласындағы сапаны қамтамасыз етуде мемлекеттік бақылаудың тетіктері»
  • «Мемлекеттік аттестаттау – білім беру қызметтерінің сәйкестігін бақылау»
  • Білім беру саласында бағалау жүйесін жетілдіру»
  • Педагогикалық этика және педагогтердің кәсіби қызметтегі жауапкершілігі»
  • «Мектепішілік бақылау»
Панельдік секция отырыстары аяқталғаннан кейін секция қатысушылары облыстың үздік білім беру ұйымдарының тәжірибелерімен және Тараз қаласының тарихи – мәдени нысандарымен  танысты. Еліміздің түкпір-түпірінен келген білім саласының қызметкерлері алдымен облыстық «Дарын» лицей-интернатының, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ  классикалық гимназиясының, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының, №35 «Ер-Төстік» бөбекжай-бақшасының және жуырда ғана пайдалануға берілген "Мөлдір бұлақ" облыстық оқу-сауықтыру орталығының жұмыстарымен танысып, тәжірибелерін тамашалап қайтты.

 24 ТАМЫЗ – ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС

  Секция отырыстарынан кейін, облыс әкімдігінің ғимаратында білім саласы қызметкерлерінің облыстық кеңесі өткізілді. Кеңеске облыс әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы, ҚР Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, ҚР Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас сарапшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы, Облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы  Өмірбек Мейірхан Азатұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы, республикалық және облыстық мәслихаттың депутаттары, білім бөлімдерінің басшылары, ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының директорлары және педагогтер қатысты. Кеңес облыс әкімі Нұржан Молдиярұлының алғы сөзімен бастау алды. ҚР Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Тұрғанбайқызының «Білім беру сапасын қамтамасыз ету – басты мақсат» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасқан кеңесте ҚР Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас сарапшысы Исатай Өмірзақұлы «Ұлттық тәрбие – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында сөз қозғады. Ал, облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлы өз кезегінде Жамбыл облысындағы білім беру жүйесінің дамуы туралы айтты. Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Даурен Даниярбекұлы «Білім саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Кеңес соңында, облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы кеңес жұмысын қорытындылап, үздік білім беру ұйымдары мен бірқатар педагогтерді марапаттады. Педагогтерге облыс әкімінің және Оқу-ағарту министрлігінің марапаттары табысталса, «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған білім мекемелерінің басшылары марапатталып,  «Орта білім беретін үздік ұйым» анықталды.

25 ТАМЫЗ –РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯ

   Ағымдағы жылдың 25 тамыз күні К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбымен Республикалық бірыңғай Пленарлық сессия өтті.     Пленарлық сессия отырысының ресми бөлігі  Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтауымен ашылды.  Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары А.Ғ.Балаева Мемлекет басшысының құттықтауын оқыды. Содан кейін, сөз кезегі Қазақстан Республикасының Премьер Министрі А.А.Смаиловқа берілді. Пленарлық сессияның ресми бөлімінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Ғ.Б. Бейсембаев модераторлық етті. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін, Республикалық бірыңғай Пленарлық сессиясы өз жұмысын өңірлерде жалғастырды, яғни өңірлік тамыз кеңестерінің 20 пленарлық сессияларының отырыстарына үзіліссіз ауысты. «Білім саласындағы бақылау және бағалау»  тақырыбын негіз еткен өңіріміздегі Пленарлық сессия облыс әкімі Нұржан Молдиярұлының сөзімен бастау алды. Облыс әкімі алдымен білім саласының жай-күйіне тоқталып, өткен оқу жылындағы облыс оқушыларының жетістіктерін ерекше атап өтіп, спикерлерге сөз берді.  Негізгі спикерлер:
  • Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, ҚР ОАМ Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;
  • Арнольд Дж.Бауэр, Голландиялық сараптама және сертификаттау ғылыми орталығының директоры, Нидерланды, Апелдорн қ.;
  • Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы, Ұлттық тестілеу орталығының директоры;
  • Құдайбергенева Кулзада Саековна, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  педагогика ғылымдарының докторы, доцент;
  • Дюсенбаев Әсет Серікұлы, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры вице-президенті;
  • Шілібекова Айдана Сембекқызы, НЗМ дербес білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары;
  • Орынбеков Арман Шамбайұлы, Шымкент қаласы дарынды балаларға арналған №90 мектептің директоры.
Пленарлық сессияға ҚР Парламенті мен мәслихаттарының депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар қоғамдастықтарының өкілдері, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, Тараз қаласы мен  аудандардың әкімдері, ардагер ұстаздар мен педагогтер қатысты.  
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар