Елімізге рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады
Елімізге рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады
Қазақстан аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелуге шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында. Осы шектеудің орындалуын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі. Құжат 13 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады. Еске салайық, былтыр Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелде тіркелген оң жақ рульді автокөліктерді Қазақстанда біржолғы заңдастыруға рұқсат берілетінін айтып еді. Қоса кетсек, мамыр айынан конструктор-көліктерді заңдастыру басталған еді.