БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Экс-депутат Бекболат Тілеухан немен айналысып жүр

Экс-депутат Бекболат Тілеухан немен айналысып жүр
caption
Экс-депутат Бекболат Тілеухан немен айналысып жүр
Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бұрынғы басшысы Бекболат Тілеухан Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті қызметін атқарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдаулет Сәбитов айтты, деп хабарлайды Бақ Орда ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Ол Бекболат Тілеуханның Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын айта келе, қазір бұл салада қызмет етпейтінін мәлім етті. Дегенмен Түркияда Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы бар. Онда сол ұйымда вице-президент қызметін атқарады. «Келесі жылы біз осы конфедерациямен бірге Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткіземіз. Бұл мәселеде оның тарапынан қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз», - деп жауап берді Бақдаулет Сәбитов БАҚ өкілдерінің сауалына. Еске салайық, Мәжіліс депутаты болған Бекболат Тілеуханның өкілеттігі 2021 жылы 29 желтоқсанда мерзімінен бұрын тоқтатылды. Артынша ол не себепті өз еркімен мандатын тапсыру туралы шешім қабылдағанын түсіндірді. Сондай-ақ, Бекболат Тілеухан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы қызметінен де кетті.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар