Жаңалықтар
Екі баласын өлтірді деген күдікті әйел Шымкенттегі қонақ үйден ұсталды
- author BAQ-Orda
- 8 ақпан, 2024
- 654
Екі баласын өлтірді деген күдікті әйел Шымкенттегі қонақ үйден ұсталды
Түркістанда жалдамалы пәтерге барып, екі баласын өлтірді деген күдікті әйел қолға түсті, деп хабарлайды Бақ-Орда.
“Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды”,- деп хабарлады Түркістан облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденов.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпанда Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылған болатын. Балалардың анасы оларды өлтірдім деп танысына қоңырау шалған және денелері жатқан пәтердің мекен жайын берген.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында құс етін өңдейтін ірі замануи кәсіпорын іске қосылды
- авторAdmin
- 17 қараша, 2025
Жаңалықтар
Жамбылда жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды
- авторAdmin
- 17 қараша, 2025




