БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Полицейлер бірнеше өңірде курьер болып есірткі тасушыларды ұстады

Полицейлер бірнеше өңірде курьер болып есірткі тасушыларды ұстады
caption
Полицейлер бірнеше өңірде курьер болып есірткі тасушыларды ұстады
 Тәртіп сақшылары Рудный, Шымкент қаласы және Атырау облысында курьер болып жұмысқа тұрып, есірткі тасығандарды ұстады.
«Рудныйда синтетика жеткізуші ұсталды. Одан 16 грамнан астам «а-PVP» есірткісі тәркіленді. Күдікті Telegram желісі арқылы курьер болып жұмысқа орналасқан. Ол zip-пакеттерге оралған есірткінің ірі партиясын алып, оларды облыстың бірнеше қалаларына жасырып кеткен. Синтетиканы өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
ІІМ таратқан мәліметке сәйкес жыл басынан бері Қостанай облысында полицейлер «жеңіл ақша табудың жарнамасы» бар 120-дан астам сілтемені бұғаттап, 10 есірткі жасырушыны ұстаған. Сондай-ақ, Атырау облысында интернет-дүкенге курьер болып жұмысқа орналасқан синтетикалық психотроптық заттарды жасырушы ұсталды.
«Оның жалдамалы пәтерін тінту барысында салмағы 1,5 кг «Альфа-РVР» және «Мефедрон» есірткі заттары тәркіленді. Одан бөлек, Шымкентте полиция қызметкерлері елдің бірқатар ірі қалаларында синтетикалық есірткіні көтерме сатумен айналысқан өңірлік есірткі курерін ұстады», - деді Ішкі істер министрлігі Есірткіге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов брифингіде.
Айта кетсек, Ішкі істер органдарымен ел аумағында 5-9 ақпан аралығында «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар