Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жабық форматта өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Іс бойынша жәбірленуші Фариза Алмасқызының айтуынша, мемлекеттік айыптаушы соттан Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Бұл туралы Фариза Алмасқызы журналист Руслан Өтепбайға берген пікірінде мәлімдеді.
Алайда әзірге соттың түпкілікті үкімі шыққан жоқ. Жақсыгенге қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді.
Айта кетейік, сот процесінің жабық форматта өтуіне байланысты істің барлық мән-жайы ашық жарияланған жоқ.
Фото/видео: Ruslan_utepbai