Актер Азамат Сатыбалды ашығу әдісін 10 жылдан астам уақыт бойы жылына екі рет қолданатынын айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің сөзінше, осы уақыт ішінде ағзасы аталған тәсілге бейімделген. Ол денсаулыққа қатысты кез келген әдісті қолданбас бұрын, оның ерекшеліктерін алдын ала зерттеуге шақырды.
Актер ашығу әдісіне абайлап қарау керектігін ескертіп, денсаулықпен тәжірибе жасауға болмайтынын атап өтті.
«Бұл ойыншық емес. Денсаулықпен ойнауға болмайды», – деп жазды Азамат Сатыбалды.
Актердің айтуынша, әр адамның ағзасы әртүрлі. Сондықтан денсаулыққа қатысты қандай да бір әдісті қолданбас бұрын оның қауіпсіздігін зерттеп, мамандардың кеңесін ескерген жөн.