БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда түнде көшелер мен көңіл көтеру орындарында жүрген 1000-ға жуық жасөспірім анықталды

Таразда түнде көшелер мен көңіл көтеру орындарында жүрген 1000-ға жуық жасөспірім анықталды
ашық дереккөз
Жамбыл облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады.

10 күн ішінде полиция қызметкерлерімен іздеуде жүрген 6 қылмыскер, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап немесе алып жүргені үшін 16 адам және 14 заңсыз жүрген мигрант ұсталды. 84 қылмыс ашылған деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенер болсақ, шара барысында барлығы 10313 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде тіркеусіз немесе құжатсыз тұрудың 2298 дерегі, ұсақ бұзақылықтың 592 фактісі, алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 629 тұрғын жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 289 бұзушы жауапқа тартылды. 

Түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және үйден тыс жерде болған 955 кәмелетке толмаған анықталды.

Рейдтер барысында 34 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген, ал 10 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды.

1220 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін, 3349 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айып тұрағына 286 көлік қойылды- деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

 

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар