Жаңалықтар

Ресми: Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясы салынады

Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясын салу туралы үкіметтің қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды БақОрда.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың қаулысына сәйкес, Жамбыл ауданы атом электр станциясының ядролық қондырғысы орнатылатын аймақ болып белгіленді. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап іске қосылады.

Айта кетейік, Үкімет басшысы бұл шешімді 2024 жылдың 30 желтоқсанында қабылдаған болатын.