БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы күрт бұзылады: «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады

Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы күрт бұзылады: «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер Қазақстан бойынша ауа райының қолайсыз болуына байланысты дауылды ескерту жасады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді. Алдағы тәуліктерде елдің барлық өңірінде тұман, көктайғақ, қар және желдің күшеюі күтіледі.

Метеорологтардың мәліметінше, Астана қаласында 29 қаңтарға қараған түні және таңертең қою тұман түседі.

Ақмола облысында тұман басым болады. Кейбір аудандарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейуі мүмкін.

Маңғыстау өңірінде көктайғақ пен тұман болжанып отыр. Желдің жылдамдығы бірқатар аудандарда 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Сонымен қатар тұман түсіп, жел күшейеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз тұман күтіледі.

Абай облысында да солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерінде тұман түседі.

Алматы облысының таулы және оңтүстік аймақтарында тұман байқалып, жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында тұман сақталады.

Қарағанды облысының бірқатар бөлігінде де ауа райы тұманды болады.

Қостанай өңірінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кей жерлерде жел екпіні 15–20 м/с болады.

Ұлытау облысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Таулы аудандарда көктайғақ пен тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін артуы мүмкін.

Қызылорда облысында аздаған қар түсіп, көктайғақ пен бұрқасын байқалады.

Түркістан өңірінде қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман болжанып отыр. Таулы аудандарда жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Жел екпіні өңір бойынша 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, жолға шығарда ауа райы болжамын ескеруге және қажетсіз сапарлардан бас тартуға шақырады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар