Оқиғадан кейін шамамен жарты сағат ішінде күдікті Қонаев даңғылы мен Терешкова көшесінің қиылысында байқалған. Тәртіп сақшылары оны ұстауға әрекет жасаған кезде ер адам қарсылық көрсеткен.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері қызметтік қару қолдануға мәжбүр болған. Күдікті жараланып, медициналық мекемеге жеткізілді. Кейін ол қамауға алынды.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, ер адам жәбірленушіге жеке келіспеушілік салдарынан пышақ жарақатын салған.
– Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара келіспеушілік салдарынан пышақ жарақатын келтірген. Ол ізін суытпай ұсталды, – деп хабарлады полиция өкілдері.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары адам өлтіру оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға кірісті.


