Контентке өту

12 жастағы баланы қатарласы 9 рет пышақтап өлтірді

12 жастағы баланы қатарласы 9 рет пышақтап өлтірді
ашық дерек

Алматы облысында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Оқиға Түрксіб ауданында болған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеткіншектер арасында туындаған дау төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 12 жастағы бала бірнеше пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, марқұмның өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 жастағы жасөспірім ұсталған. Ол көз жұмған баланың танысы болған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Марқұмның туыстары күдіктінің жасына байланысты қатаң жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін деп алаңдайтынын айтты. Олар істің жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етіп отыр.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесін көтеруде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты