Контентке өту

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев бұрынғы некесінен туған қыздарын көрсетті

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев бұрынғы некесінен туған қыздарын көрсетті
ашық дерек

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның жұбайы Нұржан Иманәлиев әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы некесінен туған қыздарымен түскен суретін жариялап, оқырмандарын тәнті етті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол жазбасында әкелік сезімі мен балаға деген махаббаты туралы ой бөлісті.

«Қыз бала – әкесінің жүрегіндегі ең нәзік аманат. Әлхамдулилләһ, Аллаһ маған үлкен нығметтерін берді. Менің Айша мен Аниса атты екі қызым бар. Бұл дүниеде мен өзім үшін емес, көбіне сол балаларымның болашағы үшін уайымдаймын. Өйткені ата-ана үшін баласының амандығы мен бақыты бәрінен қымбат. Айша, Аниса және Мағди – менің ең үлкен байлығым. Дүниедегі барлық жетістік пен байлық баланың амандығының алдында түк емес», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жарияланымға жылы лебіздерін білдіріп, балалардың сүйкімді екенін атап өтті. Кейбір оқырмандар қыздардың әкесінен бөлек өскеніне қатысты пікір қалдырып, олардың көңіл күйіне алаңдаушылық білдірген.

«Қандай күшті», «Сүп-сүйкімді екен», «Қыздарыңыз ба?», «Айнұр әпкемізге де үлкен рахмет! Еркін кездесулеріне рұқсат берген. Әйел қарсы болса қиын. Айнұр әпкеміз алтын адам», – деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ оқырмандардың бірі балалардың анасы қайда екенін сұраған. Бұл сұраққа Нұржан Иманәлиев: «Үйлерінде шығар, мүмкін жұмыстарында», – деп қысқа жауап берген.

Ал желі қолданушылары арасында Айнұр Тұрсынбаеваның бұл уақытта жұбайының қасында екені туралы пікірлер де айтылды.

Жарияланым әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты