Швейцариялық IQAir компаниясы әлем бойынша ауа сапасына қатысты жаңа зерттеу нәтижелерін жариялады. Сарапшылардың дерегінше, ірі мегаполистердің басым бөлігінде ауа сапасы әлі де алаңдатарлық деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі – Алматы да ауасы ластанған қалалар қатарына енді. Рейтингте мегаполис 55-орынға тұрақтаған.
Мамандардың айтуынша, ауа сапасының төмендеуіне негізінен адам әрекеті әсер етеді. Атап айтқанда, көлік санының көбеюі, өндірістік шығарындылар, көмір жағу және урбанизация деңгейінің артуы басты себептердің қатарында.
Зерттеу барысында әлем бойынша тек 13 ел мен аймақтың ауасы қауіпсіз деңгейде екені анықталған. Бұл көрсеткіш экологиялық ахуалдың жаһандық деңгейде күрделі екенін аңғартады.
Ауасы таза елдер мен аймақтар тізіміне мыналар кірді:
Австралия
Барбадос
Бермуд аралдары
Француз Полинезиясы
Гренада
Жаңа Каледония
Панама
Пуэрто-Рико
Реюньон
АҚШ-тың Виргин аралдары
Сарапшылар экологиялық жағдайды жақсарту үшін мемлекеттерге зиянды шығарындыларды азайту, жасыл энергия көздеріне көшу және қалалық инфрақұрылымды экологиялық талаптарға бейімдеу қажеттігін атап өтеді.