Контентке өту

Алматыда Баян Алагөзоваға ескерткіш орнату ұсынылды

Алматыда Баян Алагөзоваға ескерткіш орнату ұсынылды
Ашық дерек

Қазақстандық блогер Ербол Мандибек әлеуметтік желіде резонанс тудырған жазба жариялап, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің жұбайы Баян Алагөзоваға Алматы қаласының орталығында ескерткіш орнатуды ұсынды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, Баян Алагөзова қоғамға елеулі үлес қосып жүрген жандардың бірі. Блогер отбасының қайырымдылық істерін ерекше атап өтіп, олардың жүздеген адамға көмек көрсетіп келе жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, қазақстандықтарға 100 пәтер сыйлау бастамасы да осы отбасының қолдауымен жүзеге асқаны айтылды. Сонымен қатар, олар жетімдер мен жесірлерге тұрақты түрде көмектесіп отырғанымен, мұны көп жағдайда жария етпейді.

Жазба авторы Баян Алагөзованы «қазақ әйелінің символы» деп атап, оның отбасыдағы рөлін де ерекше бағалады. Оның пікірінше, ол жолдасының өміріне оң әсер етіп, үлкен өзгерістерге себеп болған.

Айта кетейік, Galanz Bottlers компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов соңғы жылдары әлеуметтік бастамаларымен де танылып жүр. 2026 жылдан бастап компания қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-аналарына ай сайын 50 мың теңге көлемінде қосымша төлем беру туралы шешім қабылданған. Бұл қадам қызметкерлерді тәрбиелеген ата-аналарға құрмет ретінде түсіндірілген.

Компанияның қаржылық көрсеткіштері де айтарлықтай өскен. 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 17,3 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 55 пайызға артқан.

Ал Forbes Kazakhstan мәліметінше, Тұрсынғали Алагөзовтың дәулеті шамамен 130 млн долларды құрайды және ол елдегі ең бай кәсіпкерлердің қатарында.

Блогердің бұл ұсынысы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қоғам пікірі екіге бөлінген: біреулер оны қолдаса, енді біреулер мұндай бастамаға күмәнмен қарайды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты