Контентке өту

Америкадағы қызының фотосын көрген Наташа Қалымбетова: «Оның бақытты екенін сездім»

Америкадағы қызының фотосын көрген Наташа Қалымбетова: «Оның бақытты екенін сездім»
ашық дерек

17 жасында ауыр қылмыстың құрбаны болған Наташа Қалымбетова араға жылдар салып Америкада тұратын қызының фотосын көргенін айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның сөзінше, қызын дүниеге әкелгеннен кейін үш жасына дейін көріп тұрған. Кейін түрлі жағдайларға байланысты ана мен бала екі бөлек өмір сүрген.

Жақында Наташа Қалымбетова қызының мектеп кезіндегі және қазіргі фотосуреттерін көруге мүмкіндік алған. Ол суреттерге қарап, бұл өзінің қызы екеніне сенімді екенін жеткізді.

«Ең қатты таңғалғаным – оның күлкісі болды. Жүзіне қарап, бақытты екенін сездім», – дейді ол.

Наташа Қалымбетова үшін қызының аман-есен өсіп, өз өмірін қалыптастырғанын көру үлкен қуаныш болған. Алайда ана жүрегін мазалайтын сұрақтар әлі де бар.

Қазір ол қызына өзінің өмірінде болған оқиғаларды, дүниеге келу тарихын айту қажет пе деген мәселе төңірегінде ойланып жүргенін жасырмады.

«Қызға бұл мағлұматтың барлығы қаншалықты керек?» деген сұраққа жауап іздеп жүргенін айтқан Наташа Қалымбетова ең алдымен қызының жан тыныштығы мен бақытын ойлайтынын жеткізді.

Оның оқиғасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік ананың сабыры мен қайсарлығына құрмет білдіруде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты