Контентке өту

Ақбаян Мұқанғалиева жайлы жаңа мәліметтер белгілі болды

Ақбаян Мұқанғалиева жайлы жаңа мәліметтер белгілі болды
ашық дерек

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына байланысты қозғалған резонансты қылмыстық іс қоғам назарында әлі де қызу талқыланып жатыр. Осы іске қатысты күдіктілердің бірі - Ақбаян Мұқанғалиева жайлы жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұған дейін аталған іс бойынша күдіктілер Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева Индонезиядан Қазақстанға жеткізілгені хабарланған еді. Кейінірек бұқаралық ақпарат құралдарында Сұлтан Сәрсемалиев әйелінің туыстары — Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындағаны туралы ақпарат тарады. Ол марқұмдардың мәйітін бұрын өзі жалдап тұрған Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Марқұмдардың туыстарының мәліметінше, қазіргі таңда Ақбаян Мұқанғалиева Атырау қаласындағы медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.

«Оның бұрын психиатриялық есепте тұрған-тұрмағанын нақты білмейміз. Алайда енесінің айтуынша, қазір ол Атыраудағы психиатриялық мекемеде ем алып жатыр», — дейді туыстарының бірі.

Аталған жағдайға байланысты журналистер Атырау облысы Полиция департаментіне ресми сауал жолдаған. Алайда әзірге нақты жауап берілмеген. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлік денсаулық сақтау басқармасына да сұраныс жіберілген.

Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге қатысты құқық қорғау органдарына жүгінуді ұсынған.

«Қылмыстық іс қозғалған. Сондықтан бұл мәселеге қатысты құқық қорғау органдарына жүгіну қажет», — деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты