Контентке өту

АҚСУАТ ЖҰРТЫ ЖУРНАЛИСТ РУСЛАН ӨТЕПБАЙҒА АҚБОЗ АТ МІНГІЗДІ

АҚСУАТ ЖҰРТЫ ЖУРНАЛИСТ РУСЛАН ӨТЕПБАЙҒА АҚБОЗ АТ МІНГІЗДІ
ашық дерек

Танымал журналист Руслан Өтепбай Ақсуат жұртшылығынан ерекше құрмет көрді. Халықтың мұң-мұқтажын көтеріп, ел өміріндегі өзекті мәселелерді тұрақты түрде жариялап жүрген журналистке қазақы дәстүр бойынша ақбоз ат мінгізілді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл туралы кәсіпкер Дулат Тастекей әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Халқымыздың сүйікті ұлы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген белгілі журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті. Ұлт руханияты мен қоғам өміріндегі маңызды мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болған азаматқа қазақы дәстүрмен ат мінгізу рәсімі жасалды. Бұл – Ақсуат жұртының ардақты азаматқа деген ықыласы мен ризашылығының белгісі», – деп жазды ол.

Қазақ халқы үшін ат мінгізу – ерекше сый-құрметтің белгісі. Сондықтан бұл рәсім жұртшылықтың журналист еңбегіне берген жоғары бағасы ретінде қабылданды.

Желі қолданушылары да игі іске ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жаудырды.

«Тұлпар құтты болсын», «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын», «Руслан бар құрметке лайық», «Ақсуат халқына мың алғыс» деген пікірлер әлеуметтік желіде көптеп жазылды.

Айта кетейік, Руслан Өтепбай қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосып жүрген журналистердің бірі саналады. Ақсуат жұртшылығының көрсеткен құрметі оның еңбегіне деген ел ықыласының айқын көрінісі болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты